Clubhouse өткен айда Creator Accelerator бағдарламасын іске қосқаннан кейін қолданбасындағы үздік жүргізушілерді ұстап қалу үшін тікелей төлем жасау процесін іске қосты. Енді тыңдаушылар өздерінің сүйікті жүргізушілеріне (хосттар) қаражат аудара алады.
Clubhouse түсіндіргені бойынша:
"Бүгін біз Clubhouse ішіндегі авторлар (хосттар) үшін төлемдерді, яғни монетизацияның алғашқы функциямызды енгізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Барлық пайдаланушылар төлемдерді бүгін-ақ жібере алады. Төлемдерді алу мүмкіндігі шағын сынақ тобынан бастап бірнеше кезеңде өтеді. Осылайша пікір жинап, функцияны дамытып, жуырда оны барлығына ұсынамыз деген үміттеміз."
Жоғарыда келтірілген мысалдан көріп тұрғанымыздай, бұл процесс пайдаланушыларға қаражатты авторлар профиліне қарапайым қатынасу және экранның төменгі жағындағы "Ақша жіберу" деген сыбыр сөзді басу арқылы аударуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар Clubhouse қолданбасымен процесті жеңілдету үшін кредит картаны немесе дебет картаны тіркеуі қажет. Осылайша олар авторға кез келген төлемнің 100%-ын аудара алады.
Бұл Clubhouse үшін тағы да бір маңызды қадамдардың бірі. Бәсекелес аудио-әлеуметтік нұсқалардың өсуін ескере отырып, ол осы арқылы үздік жүргізушілерінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Twitter Spaces (аудиоплатформа) – қазіргі уақытта негізінен осындай функционалдықпен қамтамасыз етіп жатқан басты бәсекелес. Twitter Clubhouse қолданбасынан озып, Android және үстелдік компьютерлер үшін Spaces аудиоплатформасын әзірлеуге талпынуда.
Нәтижесінде Clubhouse қолданбасына өз аудиториясын ұстап қалу қиынға соғады, себебі қолданба қазірдің өзінде танымалдығын жоғалтып жатыр деген белгілер бар.
Sensor Tower платформасы ұсынған мына графикте көрсетілгендей, қантар айының басында Clubhouse iPhone арналған тегін қолданбаларды жүктеп алу чартында 33 орынға иеленді. Енді бұл көрсеткіш 278 орынға түсіп, әлі де түсіп барады. Себеп қолданбаға кіру және тіркелу шақыруды талап ететінінде жатыр.
Шындығына келгенде, бұл Clubhouse артықшылығы және кемшілігі де болды. Қолданба негізінен FOMO арқасында танымал болды және қолданбаға қатынаса алмағандар Clubhouse чаттарында көрініп жүрген Илон Маск және Марк Цукерберг сияқты даңқты адамдармен әрекеттесуге талпынды. Бірақ қолданбаның қазіргі аудиториялық шектеуіне байланысты пайдаланушылар саны аз. Егер Twitter Android пайдаланушыларына Spaces аудиоплатформасын Clubhouse қолданбасынан бұрын ұсынса, бұл Twitter үшін пайдаланушылардың айтарлықтай үлкен санына қосылуға болатынын білдіреді.
Ұқсас платформа көмегімен аудиторияның анағұрлым үлкен санына қол жеткізу мүмкіндігі болғанда неліктен кішігірім аудитория бөлігін пайдалану керек?
Clubhouse үшін пайдаланушыларды ұстап қалуға көмектесетін монетизация сияқты осындай шешімдер керек. Мұнда Clubhouse қолданбасының аударымдардан ешқандай үлес алмайтынын да атап кеткен жөн.
Бірақ бұл жеткілікті бола ма екен? Жалпы, жүктеп алу тенденциясына қарағанда ондай емес сияқты. Дегенмен Clubhouse қазірдің өзінде шаралар қолданып жатыр, әйтпесе ол бұл ойында жеңіліс табады.
Была ли эта статья полезной?
Пользователи, считающие этот материал полезным: 0 из 0
Понравился пост?
Расскажи об этом посте своим друзьям!
Авторизуйтесь
Для синхронизации избранного и возможности добавлять комментарии
Войти