Читай наш Telegram →
Проект разработан маркетинговым агентством КУБ
12 февр. 2021 г. 21:21 600 5

Инстаграм қателікпен жойылған посттарды қорғау мақсатында "Жақында жойылған" қалтасын қосты

Бұл мақалада Инстаграм қолданбасындағы жаңа мүмкіндік жайлы сөз етеміз: жойылған посттарды, фотосуреттерді, бейнелерді, reels роликтерін, IGTV бейнесін және хикаяларды қалпына келтіру, "Жақында жойылған" қалтасын пайдалану және реттеу жолы
Инстаграм қателікпен жойылған посттарды қорғау мақсатында

Бұл көптеген пайдаланушыларды қуантар, себебі платформа пайдаланушыларға 30 күн ішінде жойылған таспаның кез келген жарияланымдарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін "Жақында жойылған" атты жаңа қалтаны қосты.

Инстаграмның түсіндіруі бойынша:

«Енді сіз алғаш рет Инстаграм қолданбасында жойылған контентті қарап шығып, қалпына келтіре аласыз. [...] Жою үшін таңдаған фотосуреттер, бейнелер, reels роликтері, IGTV бейнелері мен хикаялар бірден аккаунтыңыздан жойылып, "Жақында жойылған" қалтасына көшіріледі».

Хикаялардың уақытша екенін ескере отырып, олар 30 күн ішінде сақталмай, "Жақында жойылған" қалтасында 24 сағаттан артық тұрмайды. Бірақ қалғанының барлығы бір ай ішінде қолжетімді болады. Бұл Инстаграмның қателікпен жойылған кез келген туындыларын немесе қаскүнемдер тарапынан жойылған посттарды қалпына келтіру үшін жеткілікті уақыт береді. Инстаграм тіркелгілері бұзылған көптеген адамдардың ақырында өз контентін қалпына келтіре алмайтын жағдайда қалғанын атап кетті.

«Хакерлер аккаунтқа қол жеткізген кезде кейде контентті жоятынын және осы уақытқа дейін адамдарда фотосуреттері мен бейнелерін оңайлықпен қайтара алмау мүмкіндігінің жоқ болғанын білеміз».

"Жақында жойылған" қалтасы осыған қатысты қандай да бір көмекті ұсынады, бірақ мәселені толығымен шешпейді. Пайдаланушылар бұрынғыдай контентті тікелей "Жақында жойылған" қалтасынан жоя алады. Хакер расында бүкіл контентті жойғысы келсе, ол қосымша күш салып, посттарды "Жақында жойылған" қалтасына тасымалдағаннан кейін ішіне кіріп, оларды біржолата жоюы мүмкін.

Дегенмен Инстаграм бұл мәселені контентті жоюдың және қалпына келтірудің жаңа қорғау процесі арқылы шешуге талпынуда:

«2 ақпаннан бастап біз "Жақында жойылған" қалтасының ішіндегісін біржолата жою немесе қалпына келтіру барысында адамдардан алдымен аккаунттардың заңды иеленушілері екенін тексеруді сұраймыз».

Сонымен Инстаграм осы процесті әлдеқашан іске қосты.

"Жақында жойылған" қалтасына қол жеткізу үшін алдымен Instagram қолданбасын соңғы нұсқаға дейін жаңартып алу керек. Осындан кейін ғана келесі тармақпен өту арқылы қалтаға қатынаса аласыз:

Реттеулер > Аккаунт> Жақында жойылған

Бұл қалтадан қалауыңыз бойынша кез келген посттарды біржолата жоя және/немесе қалпына келтіре аласыз.

Бұл посттарыңыз үшін қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін қолайлы мүмкіндік болуы мүмкін.



Была ли эта статья полезной?

Нет

Пользователи, считающие этот материал полезным: 0 из 0

Понравился пост?
Расскажи об этом посте своим друзьям!

Комментарии (0)


Авторизуйтесь

Для синхронизации избранного и возможности добавлять комментарии

Войти

Яндекс.Метрика