Читай наш Telegram →
Проект разработан маркетинговым агентством КУБ
26 янв. 2021 г. 21:40 574 5

Инстаграмдағы чат тақырыбын өзгерту жолы

Бұл мақалада біз сізге Инстаграм Direct чатында түсті немесе тақырыпты өзгерту жайлы қадамдап айтып береміз
Инстаграмдағы чат тақырыбын өзгерту жолы

Танымалдылығы бойынша екінші орынды алып жатқан Инстаграм әлеуметтік желісі дами отырып, ешқашан бір орында тұрмайды. Соңғы маңызды жаңарту Инстаграм Direct чатының тақырыбын өзгерту болды.

Мазмұны

  • Мұндай мүмкіндік барлығына қолжетімді ме?
  • Чаттағы тақырыпты өзгерту жолы
  • Инстаграмда чат тақырыбын ауыстырып жатқанда көрінеді ме?
  • Бүгінгі күнгі қолжетімді чат тақырыптары
  • Ескі дизайнды қайтаруға бола ма?
  • Біршама ескі нұсқаны орнату (Android)

Мұндай мүмкіндік барлығына қолжетімді ме?

Алдымен Инстаграмның қазіргі уақытта тек жаңа дизайн мен чатты өзгерту мүмкіндігін сынап жатқанын түсіну керек. Сондықтан функция барлығына қолжетімді емес, ал егер сіз тестерлер тізіміне түсіп қалып, ескі дизайнды қайтарғыңыз келсе, ресми түрде болса да, мұны жасау мүмкін емес.

Сонымен қатар келесіні оқыңыз: Фейсбук Инстаграм Direct пен Messenger бірігуі туралы жария етті

Чаттағы тақырыпты өзгерту жолы


https://www.w3.org/1999/xlink"> stroke="none" stroke-width="1" fill="none" fill-rule="evenodd">
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от №1 БЛОГ МАРКЕТИНГА Blogpost.kz (@blogpost.kz)



Инстаграм Direct дамып жатыр және қазіргі кезде чат дизайны түрлі-түсті әрі сан алуан. Енді пайдаланушыларда тақырыпты өзгерту, әртүрлі чаттар үшін түрлі түстер мен градиенттерді қолдану мүмкіндігі пайда болды. Бұл сізге достарыңызбен немесе сүйіктіңізбен жүргізетін чаттарды отбасы чатынан айыра тануға көмектеседі.

Егер жолыңыз болып қалса және аталған функция қолжетімді болатын бақытты адамдардың қатарында болсаңыз, онда сіз келесілерді орындауыңыз қажет:

1-қадам: Профиліңізге кіріп, кез келген чатты ашу

2-қадам: Жоғарғы оң жақ бұрыштағы “i” белгішесін басу


3-қадам: Чат реттеулерінде ‘Тақырып’ (Тема) тармағын таңдау

4-қадам: Ұнаған тақырыпты немесе градиентті таңдау


Алдында айтылғандай, функция әлі де сынаудың алғашқы кезеңдерін өтуде, сондықтан ол барлығына қолжетімді емес.

Инстаграмда чат тақырыбын ауыстырып жатқанда көрінеді ме?

Иә, чатта тақырыбын өзгерткені туралы хабарлама пайда болады. Онда тақырыпты өзгерткен адам, тақырып атауы және тақырыпты таңдау терезесіне жылдам қол жеткізу үшін «Тақырыпты өзгерту» (Сменить тему) батырмасы көрсетіледі.

Егер сұхбаттаста чат тақырыптарына қатынасу болмаса, ал сізде бұрыннан бері болса, тақырыпты өзгерткен кезде чаттың безендірілуі тек сізде өзгереді. Сұхбаттас тек сіздің тарапыңыздан тақырыпты өзгерткені туралы сәйкес хабарламаны көріп, бірақ өз чатында еш өзгерістерді байқамайды (ескі чаты әдепкі бойынша қалады).

Бүгінгі күнгі қолжетімді чат тақырыптары

Қазіргі кезде адамдардың көбісі үшін келесі тақырыптар қолжетімді:

  • Махаббат
  • Хиппи
  • Монохром (ескі дизайн)
  • Хэллоуин

Және 20+ түс пен градиент, мысалы:

  • Жидек
  • Кәмпит
  • Жалғыз мүйіз
  • Тропиктер
  • Үйеңкі
  • Суши
  • Зымыран

Ескі дизайнды қайтаруға бола ма?

Сізге жаңа дизайн ұнамады және ескісін қайтарғыңыз келеді делік. Сізде мұндай мүмкіндік бар ма? iOS пайдаланушыларының сәті түспеді, олар ешбір жолмен ескі дизайнды қайтара алмайды, ал Android иегерлеріне төменде сөз ететін бір әдіс көмектесе алады.

Пайдалы мақала: Инстаграм "Бейджиктері", сүйікті авторларды қолдау жолы

Біршама ескі нұсқаны орнату (Android)

1-қадам: Смартфоныңыздан қолданбаны жойыңыз

2-қадам: Енді сізге осы APK файлын жүктеп алу керек, оны алдымен компьютеріңізге жүктеп алып, содан соң оны кабель арқылы өткізе аласыз немесе бірден смартфоныңызға жүктеп алуға болады

3-қадам: Файлды басып, қолданбаны орнатыңыз, бұл үшін шеткі қолданбаларды орнатуға рұқсат беру керек («Реттеулер» (Настройки) → «Қолданбалар және хабарландырулар» (Приложения и уведомления)→ «Қосымша» (Дополнительно) → «Арнайы қатынасу» (Специальный доступ) → «Белгісіз қолданбаларды орнату» (Установка неизвестных приложений))

4-қадам: Google Play ішіне кіріп, Инстаграм қолданбасының бетін ашып, жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктені басыңыз

5-қадам: «Автожаңарту» (Автообновление) функциясын өшіріңіз





Была ли эта статья полезной?

Нет

Пользователи, считающие этот материал полезным: 0 из 0

Понравился пост?
Расскажи об этом посте своим друзьям!

Комментарии (0)


Авторизуйтесь

Для синхронизации избранного и возможности добавлять комментарии

Войти

Яндекс.Метрика