Читай наш Telegram →
Проект разработан маркетинговым агентством КУБ
22 февр. 2021 г. 12:27 755 5

Clubhouse қолданбасына шақыру алудың 4 тәсілі

Бұл мақалада сіз қазіргі таңда танымал Clubhouse қолданбасымен таныс болып, Clubhouse қолданбасына шақыру алудың тәсілдері мен алаяқтыққа кезікпеу жайлы мәлімет аласыз.
Clubhouse қолданбасына шақыру алудың 4 тәсілі

Alpha Explorer Co компаниясының Clubhouse қолданбасы Илон Масктың бір твиті арқасында ең трендтік тақырыпқа айналды. Аудио хабарламалардың жоғалып кету концепциясымен (байланыс тек дыбыстық тілдесу арқылы жүзеге асырылады) Clubhouse тартымдылығын толығымен көруге болады.

Тек шақыру арқылы кіруге болатын бұл қолданба әлі де бета-сынақ сатысында тұр және ықпалды тұлғаларға, бизнесмендерге және маркетологтарға жақсы ақша табуға, одан пайда алуға үлкен мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік желілердің келесі ірі платформасы болады деп күтілуде.

Өкінішке орай, бұл қолданбаның нақты шектеуі оның тек шақырулар бойынша алуында жатыр.

Егер сіз тым сабырсыз болсаңыз немесе алғашқы пайдаланушылардың бірі болғыңыз келсе, онда осы белгілі бір кедергіні өтуіңіз қажет. Мұнда Clubhouse-қа шақыру алудың айтарлықтай ықтимал әдістері берілген.

Илон Маск твиті:

On Clubhouse tonight at 10pm LA time
— Elon Musk (@elonmusk)
January 31, 2021

МАЗМҰНЫ

  • Clubhouse қолданбасына шақыру алудың 4 тәсілі

1. Әлеуметтік желіде сұрау

2. Күту тізіміне кіру

3. сатып алу

4. Тегін тізбекке қосылу

  • Clubhouse қолданбасына шақыру міндетті болып саналады ма?
  • Неге Clubhouse қолданбасына шақыруды алу оңай емес?
  • Clubhouse шақырулары бойынша шектеу
  • Clubhouse шақыруларына қатысты алаяқтық

4 способа получить приглашение в Clubhouse

Қазіргі уақытта Clubhouse қолданбасына шақыру кодын тек басқа пайдаланушылар тарапынан қолданбаға шақырылған пайдаланушылар бере алады. Шақыру алудың басқа балама әдістері бар және расында жолыңыз болып, шыдамдылық танытсаңыз, осы әдістер ішіндегі біреуінің есесі міндетті түрде қайтады. Бұдан басқа қандай әдісті қолданғаныңызға қарамастан, сізді шақырып жатқан адамның контактілер тізіміңізде бар екеніне көз жеткізіңіз.

1. Әлеуметтік желіде сұрау

Бұл тәсіл төлем жасауды қажет етпейді және өте қауіпсіз. Facebook, Twitter, WhatsApp және Instagram желілеріндегі достарыңызға/топтарға хабарласып, шақырудың бар не жоқ екенін сұраңыз. Бәлкім, бұл оларда бар шығар және олар сізбен таныс болғаны үшін кодты тегін береді. Егер мұны ұйымдасқан топта жасасаңыз, сенуге лайықты еркін тізбекті жасай аласыз.

2. Күту тізіміне кіру

Мұны әлі де жасамаған болсаңыз, Clubhouse қолданбасын жүктеп алып, аккаунт құрып, пайдаланушы атын резервтеңіз. Осыны орындағаннан кейін сіз автоматты түрде күту тізіміне түсесіз. Егер қандай да бір отбасы не достарыңыз бұрыннан бар болса немесе уақыт өте келе ол жерге түскен болса, Clubhouse оларға сіздің бар екеніңіз туралы хабарлаған кезде олар сізге кіруге рұқсат беруі мүмкін. Бұл әдіс үлкен шыдамдылықты қажет етіп, ал сізге аздап сәттілік қажет болуы мүмкін.

3. Шақыруды сатып алу

Шын мәнінде, пайдаланушылар Clubhouse шақыруларын сұраныстан пайда табудың құралы ретінде сатады. Енді осы қолданбаға деген сұраныстың геометриялық прогрессия бойынша өсуіне байланысты көбісі қолданбаны Android жүйесінде іске қоспас және соңғы нұсқасын шығармас бұрын қолданғысы келеді. Сонымен бірге ол үшін ақша беруге де дайын. Ақша салуға әзір болсаңыз, Reddit ішінде осыған ұқсас, шақыруларды нақты бір бағамен ұсынатын үлкен ағын бар:

r/ClubhouseInvites Lounge from r/ClubhouseInvites

Шақырулар, сондай-ақ келесі сайттарда 30 доллардан сатылады:

Белгілі бір себептерге байланысты нар тәуекел деп осы сайттарда төлемдер жүргізбеуді ескертеміз, себебі төлем процесінен кейін шақыру алатыныңызға кепілдік жоқ.

Get an INSTANT Clubhouse invite via Shoppy for $30. Pay with CC, crypto, etc from r/ClubhouseInvites

Дегенмен соңғы кезде бұл сайттар едәуір көп жақсы пікірлер алды.

Get an INSTANT Clubhouse invite via Shoppy for $30. Pay with CC, crypto, etc from r/ClubhouseInvites

4. Тегін тізбекке қосылу

Reddit пайдаланушылары қосымша шақырулар жасау үшін тегін тізбектерді жасауда. Кезектегі орныңызды белгілеу үшін комментарий қалдырсаңыз болады. Алдыңызда тұрған пайдаланушы шақыру алған соң, бұл артықшылықты сізге тапсырады. Бұл тізбектердің ізгі ниетке негізделгенін ескеріңіз, сондықтан шақыруды шынында алатыныңызға немесе алдыңызда тұрған адамның сізге артықшылықты тапсыратынына кепілдік жоқ.

Алайда бұл әдіс тегін және кіру алдында тізбекті тексеру үшін шыдамдылық танытқан жөн.

1 free clubhouse invite let’s make a free chain from r/ClubhouseInvites

Clubhouse қолданбасына шақыру міндетті болып саналады ма?

Иә, егер Clubhouse функцияларына қатынасуды қаласаңыз, шақыру міндетті болып саналады. Қазіргі уақытта қолданба тек Apple пайдаланушылары үшін қолжетімді және бета-сынақ сатысында жатыр. Осылайша қолданба әлі де ақаулардың бар-жоғына сыналуда және пайдаланушылар базасы әдейі шақырулармен шектелген.

Неге Clubhouse қолданбасына шақыруды алу оңай емес?

Тек күту тізімінен жойылған және басқа біреудің тарапынан шақырылған пайдаланушылар шақыруды өзге пайдаланушыға бағыттауы мүмкін. Тіпті мұндай жағдайда пайдаланушыдағы бар шақырулар саны қатты шектелген. Шақыруға кепілдік беретін ешқандай бекітілген ереже жоқ. Сізді біреу шақыруы керек және бұл кірудің ең жылдам тәсілі болып саналады.

Clubhouse шақырулары бойынша шектеу

Қолданбаны 2020 жылдың соңында жүктеп алған пайдаланушылар үш-төрт шақыруды таратуы мүмкін. Қазір қосылып жатқан кез келген пайдаланушы ең көбі екі шақыру ала алады. Осылайша осы қолданбаға кіргісі келетін пайдаланушылар саны геометриялық прогрессияда қазіргі кезде қолжетімді шақырулар санынан асады. Тіпті қолданбаға қазір қатынассаңыз, бірнеше таратылатын шақыруға ие бола алмайсыз.

Clubhouse шақыруларына қатысты алаяқтық

"Шақыруды сат" схемасынан бастап "Ілгері жылжы" схемасына дейін сіз Reddit ішінде, сондай-ақ Clubhouse қолданбасына қосылуға арналған шақыру кодтары сатылатын осындай сайттарда көптеген ағындарды таба аласыз.

Өкінішке орай, бұл схеманың заңды не заңсыз екенін білу мүмкін емес.

Жан-жағынан алып қарағанда, пайдаланушылар өз шақыруларын ашынған адамдарға ақшаға сатады, ал кейбір жағдайларда, тіпті, шақыру үшін саудаласады. Аса сақ болыңыз: шақыру алу үшін төлем жасамас бұрын, шақыру кодын, сатушы заңдылығын тексеріңіз, шақыру сатуын алаяқтық емес екенін сұрастырып, оған көз жеткізіңіз.

Clubhouse қолданбасына деген ойыңыз қандай? Бәлкім, бұл қолданба әлеуметтік желілердің үлкен бір жетістігі болар, сондықтан iOS құрылғысына ие болғанын міндетті түрде тексерген жөн. Сақ және абай болыңыз!




Была ли эта статья полезной?

Нет

Пользователи, считающие этот материал полезным: 0 из 0

Понравился пост?
Расскажи об этом посте своим друзьям!

Комментарии (0)


Авторизуйтесь

Для синхронизации избранного и возможности добавлять комментарии

Войти

Яндекс.Метрика