Читай наш Telegram →
Проект разработан маркетинговым агентством КУБ
4 мар. 2021 г. 12:48 740 5

Telegram қолданбасында жойылып кететін хабарламаларды жіберу жолы

Неліктен барлығы Telegram қолданбасына өтті? Қолданбада қандай мүмкіндіктер пайда болды? Бұл мақалада сізді Telegram жаңа функциясымен таныстырып, оны Android, iOS құрылғылары мен дербес компьютерде орнату әдісі жайлы толығырақ айтып береміз.
Telegram қолданбасында жойылып кететін хабарламаларды жіберу жолы

WhatsApp құпиялылық саясатының сәтсіздігіне байланысты жаңылыстан кейін адамдар деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаппай Telegram және Signal қолданбаларына өте бастады. Енді Telegram көптеген жаңа функцияларды, соның ішінде мерзімі аяқталатын шақыруларды, хабарламалардың автоматты түрде жойылуын және т.б. ұсынуда.

Telegram блогының жақында шыққан жазбасында пайдаланушылардың жуырда қосылған автоматты жою функциясының көмегімен өз хабарламаларын толығымен құпия етіп сақтай алатыны анықталды. Telegram жедел хабар алмасу сервистеріне қатысты артып жатқан қауіптер аясында танымал болып, белгілі бір себептерге байланысты пайдаланушыларды өз платформасына алып келген функцияларды күшейтіп жатыр.

Осы автоматты жою функциясын қарастырайық және жұмыс істеп жатқан платформаға қарамастан, оны қосуға болатыны жайлы мәлімет алайық.

Мазмұны

  • Telegram ішінде автоматты жоюды іске қосу
  • Android құрылғысында
  • iOS құрылғысында
  • Дербес компьютерде

Telegram ішінде автоматты жоюды іске қосу

Автоматты жою функциясы Telegram қолданбасында бұрыннан бері болған, бірақ ол құпия чаттармен ғана шектелген болатын. Ал енді пайдаланушылар хабарламаларды өз чаттарынан жоя алады. Егер бұл функция қосылған болса, онда олар хабарламаларын белгілі бір уақыт кезеңінде - 24 сағат немесе 7 күн ішінде жою мүмкіндігіне ие болады. Әзірге бұл екі қолжетімді нұсқа. Дегенмен басқа нұсқалардың пайда болуы да ықтимал.

Snapchat, WhatsApp және Signal сияқты осындай функцияға ие көптеген басқа да чат қолданбалары бар. Бірақ Telegram қолданбасын хабар алмасудың құралы ретінде таңдағандар үшін мақтануға болатын көп нәрсе бар.

Функцияны іске қосқаннан кейін барлық хабарламалар автоматты түрде жойылады. Алайда осы функцияны белсендіруге дейін жіберілген хабарламалар чатта қалады. Енді барлығы түсінікті болған соң, жақында ұсынылған автоматты жою функциясын іске қосуға болатынын қарастырып көрейік.

Android құрылғысында

Алдымен телефондағы Telegram қолданбасының жаңартылғанына көз жеткізіңіз. Мұны Play Market дүкеніне кіріп, Telegram деп іздеп, «Жаңарту» түймесін (егер мұндай опция қолжетімді болса) басу арқылы орындауға болады. Егер олай болмаса, онда бұл Telegram қолданбаңыздың әлдеқашан жаңартылғанын білдіреді.

Telegram қолданбасын ашып, хабарламаларды автоматты түрде жойғыңыз келетін чатты түртіңіз.


Жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан үш нүктесі бар мәзірді түртіңіз.

«Журналды тазарту» түймесін түртіңіз.

Төменде «Бұл чатта хабарламаларды автоматты түрде жою» опциясын көресіз. Оның астында жүгірткіні 24 сағатқа немесе 7 күнге сүйреңіз. Бұл екі қолжетімді уақыт кезеңі және мерзімі өткен соң, хабарламалар автоматты түрде жойылады. Содан кейін «Автоматты жоюды реттеу» түймесін басыңыз.

Енді функция іске қосылған. Хабарламаны бір түрту арқылы оның жойылуына дейін қанша уақыт қалғанын тексеруге болады. Кішігірім мәзір ашылады және төменгі жақта автоматты жою таймері пайда болады.

iOS құрылғысында

Telegram ашып, автоматты жою функциясын орнатқыңыз келетін чатты түртіңіз.

Хабарламаны басып тұрыңыз, содан соң «Таңдау» түймесін басыңыз.

Жоғарғы сол жақ бұрышта «Чатты тазарту» түймесін басыңыз.

«Автоматты жоюды реттеу» түймесін түртіңіз.

Мерзімі өткеннен кейін хабарламалар автоматты түрде жойылатын уақыт кезеңін бұрынғыдай орнатыңыз. Содан соң «Дайын» түймесін түртіңіз.

Осы функцияны белсендіргеннен кейін барлық хабарламалар автоматты түрде жойылады. Хабарлама жойылуына дейін қанша уақыт қалғанын нақты білу үшін оны түртіп, ұстап тұрыңыз. Автоматты жоюдың кері уақыт санағы төменде көрсетіледі.

Дербес компьютерде

Компьютеріңізде жылдам хабар алмасу қолданбаларын пайдаланғыңыз келсе, қолайлығыңыз үшін Telegram автоматты жою функциясын да іске қосуға болады. Төменде мұны жасау бойынша қадамдық нұсқаулық берілген:

Содан кейін чаттың жоғарғы оң жағында үш нүктесі бар мәзірді басыңыз.

«Журналды тазарту» түймесін түртіңіз.

Содан соң «Автоматты жоюды реттеу» түймесін түртіңіз.

Хабарламаларды автоматты жою таймерін орнатыңыз. Содан кейін «Сақтау» түймесін басыңыз.

Осылайша Telegram ішінде хабарламаларды автоматты түрде жою функциясы іске қосылады. Хабарламаның жойылуына дейін қанша уақыт қалғанын білу үшін жай ғана тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз. Автоматты жою таймері төменде орналасқан.

Алдында айтылғандай, осы жаңа жаңартуда бірнеше басқа функция қамтылған. Олардың кейбіреулері, мысалы, «Үй виджеті» қолжетімділікті жақсартуға арналған. Бірақ қалғандары едәуір дәрежеде чат деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Автоматты жою функциясы бұл ретте айтарлықтай маңызды қосымша болып саналады.




Была ли эта статья полезной?

Нет

Пользователи, считающие этот материал полезным: 0 из 0

Понравился пост?
Расскажи об этом посте своим друзьям!

Комментарии (0)


Авторизуйтесь

Для синхронизации избранного и возможности добавлять комментарии

Войти

Яндекс.Метрика